АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ



25 тамыз күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде музейдің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы міндеттер талқыланған жиын өтті.

Жиынға Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов Тауфиқұлы, басқарма басшысының орынбасары Арман Әділғалиев Бағытжанұлы, басқарма бөлімдерінің басшылары, облыстық музейдің қызметкерлері және музейге қарасты бөлімшелердің басшылары қатысты.

Жиында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Кипиев Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, музей қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды.

Атап айтқанда, музей қорының толықтырылуы, ғылыми-зерттеу және археологиялық жұмыстар, жәдігерлерді цифрландыру, көрме және мәдени-ағартушылық жобалар, экскурсиялық қызмет, келушілер санын арттыру және ақпараттық-насихат жұмыстарының нәтижелері сараланды.

Сонымен қатар жиында облыстық музейге қарасты бөлімшелердің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары да қаралды. Жиынға «Атамұра» КМҚК Мақат тарихи-өлкетану музейі, Махамбет тарихи-өлкетану музейі және Қызылқоға тарихи-өлкетану музейінің басшылары қатысып, өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді ортаға салды.

Жиын барысында музей қорын ғылыми тұрғыдан зерттеу және толықтыру, тарихи тұлғаларға арналған жаңа жобаларды қолға алу, әлеуметтік-мәдени жобаларды жүзеге асыру, музейлердің әлеуметтік желідегі жұмысын жандандыру және жаңа форматтағы жобаларды әзірлеу бағытында бірқатар нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Алдағы кезеңде музей қызметінің ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, көрме және цифрлық бағыттарын одан әрі дамытуға, тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттауға және музейлердің қоғаммен байланысын күшейтуге басымдық берілмек.

Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, жұмыстарды сапалы әрі жүйелі жүзеге асыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.