«Табиғатты қорғау- ортақ міндет» экологиялық QUIZ интеллектуалды сайысы



2026 жылғы 3 маусым күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Табиғатты қорғау – ортақ міндет» атты экологиялық QUIZ интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында қатысушылардың білімін арттыру.

Сайысқа «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері қатысып, «Жасыл болашақ», «Табиғат қырандары», «Таза әлем» және «Эко сақшылар» командаларына бөлінді. Алты турдан тұрған QUIZ барысында қатысушылар өлке табиғаты, экология, орнитофауна, ихтиофауна және флора тақырыптары бойынша тестік, логикалық, аудио, фото және медиа сұрақтарға жауап берді.

Нәтижесінде «Таза әлем» командасы І орын, «Жасыл болашақ» командасы ІІ орын, «Табиғат қырандары» командасы ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталса, «Эко сақшылар» командасына алғыс хат табысталды.

Шара барысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының басшысы Ж. Муратуллин музей ұжымына алғысын білдірді. Жеңімпаздарды музей басшысының орынбасары С.Газимова марапаттады.