«Мергендік – бабалар аманаты» дәстүрлі садақ атудан шеберлік сағаты



2026 жылғы 20 наурызда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Наурызнама онкүндігі және «Ұлттық қазына» жобасы аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай «Мергендік – бабалар аманаты» атты дәстүрлі садақ атудан шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – дәстүрлі садақ ату өнерінің тарихи-мәдени маңызын таныстыру, ұлттық спорт түрін насихаттау және жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайту.

Шараға дәстүрлі садақ атудан ҚР тұңғыш чемпионы, «Бату хан жебесі» ұлттық спорт клубының жаттықтырушысы Ернар Махмет қатысты. Сонымен қатар №41321 әскери бөлімінің сарбаздары, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Танымдық бөлімде садақ ату өнерінің тарихы, әдіс-тәсілдері және мергендіктің ерекшеліктері түсіндірілді. Ал тәжірибелік бөлімде қатысушылар музейдің сыртқы алаңында қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, садақ атудан шеберлік сынады.

Шара ұлттық спортты дәріптеуге және дәстүрлі мергендік өнерді кеңінен насихаттауға бағытталды.