«Дәстүрден тағылым» тақырыбында ULTTYQ QUIZ зияткерлік ойыны
2026 жылғы 12 наурызда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Дәстүрден тағылым» тақырыбында ULTTYQ QUIZ зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, мәдени мұраны насихаттау және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Зияткерлік ойынға қала мектептерінен құралған «Наурыз», «Қыран», «Алаш» және «Алмас Қылыш» командалары қатысты. Жалпы саны 35 оқушы (9–11 сынып) бес кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар салт-дәстүр, ұлттық музыка, тарихи-мәдени мұра тақырыптарындағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Қорытындысында барлық командалар музей басшысының Алғыс хаттарымен марапатталып, мектеп кітапханаларына облыстық музейдің «Атырау өлкетану оқулары – II» жинақтары табысталды.
Іс-шараға №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, №15 Абай атындағы орта мектеп, «Atyrau JOO High School» және «Abyroi School Atyrau» мектептерінің оқушылары қатысты.





