2025 жылдың 13 маусым күні Әкелер күні мерекесіне орай, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұрпаққа жалғасқан өнер» жанұялық қолөнер шеберлерімен кездесу кеші өтті. Мақсаты – ұлттық саз аспаптары, соның ішінде домбыраның қадір-қасиетін ұрпаққа жеткізу, оның әуездік мүмкіндіктерін насихаттап, ұлттық өнерді дәріптеу.

        Шараға арнайы шақырылған домбыра жасаушы шеберлер – Бисембаевтар отбасы, өз ісінің шеберлігімен, өмірлік тәжірибесімен және өнерге деген шынайы сүйіспеншілігімен бөлісті. Сондай-ақ Бисембаев Тұрлан Бисенбайұлы шебер ғана емес, термеші ретінде де көрерменнің ыстық ықыласына бөлесе, ұлы Нұрлыбек сапалы ұлттық аспап жасаудың маңыздылығын атап өтіп, бүгінде шеберханасында ай сайын 100-ге жуық домбыра жасалатынын айтты. Нұрлыбек «Нұрриза» домбыра жасау шеберханасының негізін қалаушы. Немерелері Нұртөре мен Абдуләзиз домбыра жасау ісін үйреніп, әке өнерін жалғастырушылар. Шараға ҚР Мәдениет саласының үздіктері күйші-домбырашы Құттыгерей Дүйсеев пен Шарипа Жәменова қатысып, көрермендерге Нұрлыбек Тұрланұлының қолынан шыққан домбыраменкеремет күйлерін арнады. Шара соңында музей әкімшілігі тарапынан қонақтарға алғыс айтылып, ғылыми-коллекциялық кітаптар естелік ретінде табысталды. Шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері, облыстық БАҚ өкілдері, музей қызметкерлері қатысты.