«Ашық есік» күні
2025 жылдың 1 маусым күні – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Ашық есік күні” өткізілді. Бұл күні музейіміз кішкентай қонақтарға ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
ТШО (Теңізшевройл) компаниясы мен “Жүректен жүрекке” қоғамдық қорының “Теңіз жүрегі” жобасы аясында Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері ТШО (Теңізшевройл) еріктілерімен бірге музейге экскурсия жасады. Жасөспірімдер “Музейлік квест” ойыны арқылы залдарды аралап, тарихқа терең үңілсе, кішкентай балалар “Сарайшық” мультфильмін тамашалап, көне шаһардың тылсым әлеміне қызықты саяхат жасады. Бұл күні қала тұрғындары да бүлдіршіндерін ертіп келіп, туған өлке тарихымен танысып, мазмұнды күн өткізді.