«Музей түні -2025» шарасы



      2025 жылдың 16 мамыр күні 18 мамыр– Халықаралық музейлер күніне орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде дәстүрлі «Музей түні» кеші биыл ерекше форматта ұйымдастырылып, келушілерге рухани азық пен әсерлі сәттер сыйлады. Ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұралармен сыр шерткен бұл кеште көрермендер «Тірі музей» көрінісін тамашалап, тарихи тұлғалармен «тілдесті», түрлі танымдық экскурсиялар мен квест ойындарына қатысты. Балалар мен жасөспірімдер үшін «Өлке табиғаты» бағытында қызықты ойын алаңдары ұйымдастырылып, табиғатты тануға баулитын мазмұнды шаралар өтті.

      Қолөнер көрмесі мен шеберлік сағаттары – кештің шоқтығы биік бөлігі болды. Республикалық және жергілікті танымал шеберлер өз өнер туындыларын ұсынып қана қоймай, олардың жасалу жолын көпшілікпен бөлісті. Атап айтсақ, елімізге белгілі зергер, этнодизайнер Бекдайыр Қоңыр Егенұлы мен тоқыма өнерінің шебері Нарботанова Анаргүл Жаманқұлқызының шеберлік сағаттары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, шебер Махмут Талғат Ерғанатұлының қыш құмыра жасау техникасы мен «Urshyk Party» жобасы ерекше қызығушылық тудырды. «Ол кім? Бұл не?» атты танымдық ойын барысында көрермендер Атырау өңірінің мәдениеті мен әдебиетін тереңірек тануға мүмкіндік алды. Ал музейлік квест арқылы қатысушылар тарихи жәдігерлерді іздеп, білім мен тапқырлықты сынға салды. 

       Кеш барысында музей саласына сіңірген еңбектері үшін музей ардагерлері мен қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болды:
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталғандар:
• Базарбаев Ғаламат Мұратұлы – Археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі
• Түсіпқалиева Айгүл Ғатауқызы – Қазіргі кезең тарихы бөлімінің маманы
• Ихуанова Эльмира Манарбекқызы – Экспозициялық–көрмелік жұмыс бөлімінің маманы
Атырау облыстық Ардагерлер кеңесі атынан марапатталғандар: Атырау облысының ардақты ардагері алтын белгісімен:
• Мұсағалиева Жолдық Өтепқызы – музей ардагері
"Халық қаһарманы және қоғам қайраткері,офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова" атындағы медалімен:
• Ғайнелова Мақпуза Ғайнелқызы – музей ардагері
• Рамазанова Айгүл Тілешқызы – Қазіргі кезең тарихы бөлімінің меңгерушісі
Қазақстандық салалық кәсіподақ филиалы атынан марапатталғандар:
• Аканов Николай Павлович – коммуналдықы қызмет көрсету маманы,
• Кайрденова Тілекші Оқасқызы – Зал қараушы
• Юсупова Халила Жамелқызы – Құрманғазы аудандық бөлімшесінің коммуналдықы қызмет көрсету маманы,
Музей әкімшілігінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
• Ибрагимова Эльмира Имашқызы – Этнография және өлке табиғаты бөлімінің маманы
• Қабрдахманова Гүлназ Сағынәліқызы – Исатай аудандық музейінің қор сақтаушысы
• Мадиева Салтанат Қиланқызы – Музейдің билеттік кассирі
• Мирманова Шынар Самиғоллақызы – Зал қараушы

       Бұл – өлке тарихын, мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Кеш соңында музейге соңғы болып келген көрерменге арнайы гүл шоқтары табысталып, шараға қатысушылардың бәріне шынайы алғыс айтылды.