«Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік» республикалық экспедицияның құрамымен дөңгелек үстел



      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық Құрылтайдағы тапсырмаларына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазба жұмыстарын жандандыру, музей ісін дамыту, шетел мұрағаттарын зерделеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту жұмыстарын жоспарлауды басты назарға алды. 2025 жылдың 3 сәуір күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде IV Ұлттық Құрылтайдағы тапсырмаларға сәйкес қазақ халқының этнографиясын, мәдени, әдеби мұрасын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Жазушылар Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен көрнекті жазушы, этнограф, баспагер Зейнолла Сәнікке арналған «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік» республикалық экспедицияның құрамымен дөңгелек үстел өтті.

     Дөңгелек үстел барысында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов экспедицияның құрамына қош келдіңіздер айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық Құрылтайдағы тапсырмаларына сәйкес қазақ этнографиясын дамыту бағытында сөз қозғады. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы М.Кипиев Атырау облысындағы музей ісі, оның ішінде музейдің археология, ғылыми-экспедициялық зерттеулер, архив ісі, ономастика саласы бойынша атқарылып жатырған жұмыстарымен таныстырды. Республикалық экспедицияны бастап келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Қ.Бегманов экспедицияның мақсат-мүддесімен таныстырып, экспедиция мүшелері тарих ғылымдарының докторы, этнограф-ғалым А.Тоқтабай, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының кеңесшісі, Мәжіліс Қоғамдық палатасының мүшесі, қоғам қайраткері, журналист Ә.Қосан З.Сәніктің ғылыми еңбектері мен қазақ этнографиясының тереңдігіне тоқталды. Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының құрылтайшысы Қ. Зейноллаұлы және қордың атқарушы директоры С.Қалиев қор жұмысына тоқталып, қатысушыларға Қазақ этнографиясы жинағын сыйға тартты. Дөңгелек үстелге өңірдің зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен жазушылар, мәдениет мекемелерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.