«Ұлттық салт- дәстүр – ұрпаққа мұра» ұлттық білім бәйгесі



        2025 жылдың 18 наурыз күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай студенттер арасында «Ұлттық салт-дәстүр – ұрпаққа мұра» атты білім бәйгесі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және насихаттау, жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.

       Сайысқа Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық студенттері мен оқытушылары қатысты. Қатысушылар «Шаңырақ» және «Наурыз» топтарына бөлініп, үщ кезеңнен тұратын сайыста білімдерін сынады:I кезең - Қазақтың ұмыт болған дәстүрлері; II кезең - Суретті сұрақтар; III кезең - Салт-дәстүрге қатысты мақал-мәтелдерді жалғастыру. Студенттер берілген тапсырмаларға белсенді қатысып, ұлттық дәстүрлер туралы білімдерін ортаға салды. Әсіресе, сирек кездесетін салт-дәстүрлер туралы пікірлерін бөлісіп, мақал-мәтелдерді жалғастыруда тапқырлықтарын көрсетті. Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы туралы ойларын ортаға салып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.