«Әйелмен әлем әдемі» мерекелік шара және шеберлік сағат
2025 жылдың 5 наурыз күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз – “Халықаралық әйелдер” күніне орай Халықаралық қолөнершілер Одағының мүшесі, Еуразия дизайнерлер Одағының мүшесі, жергілікті қолөнер шебері Салтанат Елеусіновамен кездесу және шеберлік сағаты өтті.
Шара барысында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері мен ұстаздары шебердің шығармашылығымен танысып, ұршық иіру, кесте тігу, әшекей бұйым жасау өнерінің қыр-сырын үйренді. Сонымен қатар, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық мұрамызды жаңғырту, әйел-ананың қоғамдағы рөлін насихаттау туралы танымдық әңгімелер айтылды. Ұлттық өнерімізді дәріптеуге, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлес қосып жүрген С.Елеусіноваға музей басшысы М.Кипиевтің атынан "Алғыс хат" табысталды.






