«Аялы әже» эстафетасын табыстау рәсімі
2025 жылдың 22 ақпанда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Аялы әже» эстафетасын табыстау рәсімі өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, көрнекті композитор И.Жақанов, Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тулетов, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өтешов пен кеңес құрамы, облыста құрылған «Хиуаз» әжелер клубы, «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі, «ЕЛСАНА» руханият –патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасы қатысты.
Рухани құндылықтарды дамытып, ел тарихын, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған эстафета Маңғыстау облыстық Ардагерлер кеңесіне табысталды. Салтанатты жиында Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тулетовке Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы М.Кипиев музей қорындағы жәдігерлер коллекциясы жинақталған 5-томдық ғылыми-каталогты сыйға тартты. Түркістан облысынан бастау алып еліміздің барлық өңірінде жалғасып келе жатырған «Аялы әже» Республикалық эстафетасы енді Маңғыстау облысында жалғасын табатын болады.






