Статикалық бет





“Біздің елдің ұлтаны мен сұлтаны” кітабының таныстырылымы



2024 жылдың 12 желтоқсан күні  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-эссеист, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат Әнесұлының мерейлі 65 жасқа толуына және «Біздің елдің ұлтаны мен сұлтаны» кітабының жарық көруіне орай «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТЕРЕҢ ЖАЙЫП ТАМЫРЫН» шарасы өтті.

Шара Атырау облысы әкімінің орынбасары Шамұратов Дарын Дүйсембайұлының құттықтау сөзімен басталды. Кітаптың лентасын Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, өлкетанушы Ә.Төлеуішов пен АҚ «Qazcontent» Басқармасы төрағасының орынбасары Е.Каменов қиды.

Шара барысында сөз алған «АМӨЗ» ЖШС Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары С.Нақпаев, жазушының сыныптас-досы Р.Әждембаев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, өлкетанушы Ә.Төлеуішов, Көрнекті жазушы-драматург Р.Отарбаевтың жұбайы С.Отарбаева, «Жайық пресс» ЖШС жауапты қызметкері Б.Бисенов Мақсат Әнесұлының шығармашылығы туралы сөз қозғап, кітапқа қатысты өз пікірлерімен бөлісті. «Қимастар» мен «Сыйластар» деп аталатын екі бөлімнен тұратын кітапта Батыс Қазақстаннан шыққан 16 тұлға туралы эсселер топтастырылған.