Статикалық бет





Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған дөңгелек үстел



      2024 жылдың 26 қыркүйегінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясын ұйымдастырушылармен дөңгелек үстел өтті.

      Дөңгелек үстелді Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысының орынбасары Ә.Қыстаубаева ашып,  Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Е.Нұрмағамбетов тарихи туризмді арттыру үшін Алтын Орданың ұлттық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау мақсатындағы «Талас-Ұлытау-Сарайшық» туристік бағытының маңыздылығын атап өтіп, экспедиция құрамымен таныстырды.      
                 
     Іс-шара барысында Тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог М.Елеуов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Д.Талеев, Стамбул қаласының археологы Чобан Акайал Гүлшах экспедиция жөнінде өз ойларын ортаға салса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Жұмабаева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Таңатарова экспедиция жұмыстарына сәттілік тіледі. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары И.Акимбаев тарихи-этнографиялық экспедиция белгісі бар естелік сыйлықтарды табыс етті. Әріптестік байланысты нығайту мақсатында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі және Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейлері арасындағы меморандумға қол қойылды. Іс-шара соңында Жошы ханның қызы Болған анаға арналған экспозициялық көшпелі көрменің таныстырылымы өтті.