«Ұлттық қолөнер – тарих көзі» облыстық көрмесі
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен 2024 жылдың 27-28 маусым күндері Атырау облыстық тарихи - өлкетану музейі «Ұлттық қолөнер – тарих көзі» тақырыбында облыстық көрме – жәрмеңке өткізді. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, халық арасында дәстүрлі қолөнер кәсібін дамытып жүрген тұлғалардың жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге Атырау облысына қарасты қолөнер шеберлері қатысты.
Шара соңында ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан–ұрпаққа жеткізуде оны түрлі қиялмен жаңартып жүрген Исатай, Индер, Жылыой, Қызылқоға, Мақат, Құрманғазы аудандары мен Атырау қаласынан қатысқан 20 қолөнер шебері музей басшысы М.Кипиевтің атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Шараны Абай атындағы оқушылар Орталығы үйірмелерінің ұстаздары мен оқушылары, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ «Атырау облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының қызметкерлері, Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты мәдениет мекемесінің басшылары мен мамандары, жергілікті суретшілер, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ардагерлері мен қызметкерлері және музейге келуші көрермендер тамашалады.






