Қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары
2024 жылдың 13 наурыз күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкемізде дәстүрлі өнермен айналысушы жергілікті зергер және қолөнер шеберлерінің қатынасуымен «Қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары»тақырыбында шеберлік сағаттары өткізілді.
Шеберлік сағатына тері бұйымдарын жасаушы қолөнер шебері, ЮНЕСКО көлемінде өткен Қазақстан қолөнер шеберлерінің дипломанты (1997), ЮНЕСКО көлемінде өткен «Махамбет менің көзіммен» атты байқаудың І - дәрежелі дипломанты (2002) Кеңес Айыпқалиев, жастайынан ағаш тамырымен сусындап өскен, атадан балаға, баладан немереге дарыған қолөнершілік өнерді дамытып келе жатқан, облысымызға республикаға танымал қолөнер шебері, көптеген байқаулардың жеңімпазы Нұрсұлтан Қалиев, ұлттық мұраны заманға сай жаңғыртып, тастың өзін теңдессіз әшекейге айналдырып, ұлттық нақышты ұлықтап, қазақ даласынан табылған тарихи таңбаларды бұйым бетіне бедерлеп, күмістен құятын шебер, Атыраулық жас зергер Қайрат Шапабаев қатынасып, шеберлер қазақ халқының мол қолөнері түрлері мен жұмыс барысын көрсетіп, музейге келуші қонақтар мен көрермендерге жеке - жеке өздерінің қолөнер жұмыстарын және бұйымдарының жасалу жолдарымен таныстырды.
Шараға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері мен мұғалімдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының педагог - мастері және курс педагогтері, музей қызметкерлері, жеке көрермендер қатысты.
Шараға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері мен мұғалімдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының педагог - мастері және курс педагогтері, музей қызметкерлері, жеке көрермендер қатысты.




