“Ұлттық зергерлік әшекейлер” мәдени шарасы
2024 жылдың 14 ақпан күні Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Елсана» руханият-патриоттық Қауымдастығы «Инабат» аналар алқасының «Ұлттық мұра» алаңы және Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп мәдени іс-шара өткізді.
Бабалардың эстетикалық рухани байлығы – қазақтың ұлттық зергерлік әшекейлері арқылы жас ұрпақты әсемдікке, әдептілікке баулыған кездесуге өңірдегі Ассамблея өкілдері – «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты. Қатысушыларды ән-жырмен қарсы алған өнерпаздар өнерінен соң қонақтар Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі зергерлік бұйымдардың экспозициясымен танысты, сәнді әшекей бұйымдар таққан қыз-келіншектер шеруін тамашалады. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарын дәріптеу, көнерген бұйымдарды қайта жаңғыртуда аталған іс-шараның маңызы зор болды.



