Музей қоры қазақ әдебиеті тарихында дара қолтаңбасымен ерекшеленген Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын, поэзия падишасы Фариза Оңғарсыноваға тиесілі құнды жәдігерлермен толығуда. Жәдігерлерді жинақтау үшін музейдің Бас қор сақтаушысы Б.Хасанова және қорларды есепке алу секторының жетекшісі Ф.Таменова қараша айының басында арнайы Алматы қаласында іссапарда болды. Ақынның сіңлісі Алмагүл Оңғарсынова тапсырған жәдігерлердің ішінде ақынға тиесілі қазақтың қасиетті қара домбырасы мен қылқобызы, шертіп ойналатын шекті музыкалық аспап мандолинасы, кітаптары мен фотосуреттері,қолжазбалары және көзі тірісінде киген киімдері т.б заттары бар.