27-28 маусым күндері өткізілген «Ұлттық қолөнер – тарих көзі» тақырыбындағы облыстық көрме – жәрмеңкесі қорытындыланды.
Шара барысында музей басшысы Кипиев Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы атынан қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан–ұрпаққа жеткізуде халық өнерін насихаттап, оны түрлі қиялмен жаңартып, қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысып келе жатырған көрме – жәрмеңкеге қатынасушы қолөнер шеберлеріне шексіз алғысын білдіріп, қолөнер шеберлеріне Алғыс хат, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстап, шараны қорытындылады.