Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейі мен «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасы, «Ұлттық мұра» алаңының мүшелерінің бірлесуімен «Ұлттық зергерлік әшекейлер» тақырыбында мәдени шара өткізілді.
14 ақпан күні Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейі мен «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасы, «Ұлттық мұра» алаңының мүшелерінің бірлесуімен «Ұлттық зергерлік әшекейлер» тақырыбында мәдени шара өтті.
Мәдени шараның негізі мақсаты қазақ халқының эстетикалық рухани байлығы – ұлттық зергерлік әшекейлер арқылы ұрпақтарымызды әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке баулу және жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету еді. Шара барысында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысының орынбасары С.Өскенбаев қазақ халқының ұлттық құндылығы зергерлік бұйымдар туралы баяндай келе бірлескен шараға сәттілік тіледі.
Шара барысында «Елсана» рухани - патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасының төрайымы К.Мұхтарқызы бастаған бір топ аналар мен қыз – келіншектер, «Ұлттық мұра» алаңының мүшелері, Ы.Алтынсарин атындағы №19 – шы орта мектебінің оқушы қыздары мен оқытушылары қазақ халқының ұлттық қайталанбас құндылығы зергерлік бұйымдардың түрлері; өңіржиек, білезік, құстұмсық жүзік және т.б. зергерлік бұйымдардың жасалу жолдары және тылсым құпиялары, тәрбиелік мәні, адам ағзасына тигізер пайдасы мен емдік қасиеті, өздері тағып, пайдаланып жүрген зергерлік бұйымдардың тарихы туралы баяндады.