Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың туғанына 106 жыл, ерлігіне 81 жыл толуына орай “Ерлікке тағзым” атты шарасы өткізілді.

6 ақпан Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Боран Нысанбаев атындағы “Әскери Даңқ” музейінде Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың туғанына 106 жыл, ерлігіне 81 жыл толуына орай “Ерлікке тағзым” атты Нысанбаев Оңдасын және Есенғалиев Ұлықпан ағаларымыз бастаған бір топ Боран Нысанбаевтың туғандары, мекеме қызметкерлері және мектеп оқушыларымен кездесу шарасы өткізілді.

 Индер ауданы, Көктоғай ауылының Қаңбақты құмынан аттанған Боран Нысанбаев тарихтың мәңгі жыртылмас парағына өз қолтаңбасын 1943 жылдың 6 ақпан күні Орел облысы, Покровск ауданы, Лески деревнясын жау қолынан азат ету жолында қастерлі өліммен қалдырды. Теңдесі жоқ ерлік көрсеткені үшін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығы бойынша қатардағы жауынгер Боран Нысанбаевқа “Кеңес Одағының Батыры” атағы берілген.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru