10-қаңтар күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы К.Сейітованың Атырау облысына сапары барысында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Сарайшықтың даму жоспары жөнінде жиын өтті. Жиында ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық зерттеу, реставрациялық және музеефикация жұмыстарын жүргізу бойынша презентациялар қаралды. Жиынға Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов , Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, т.ғ.к. А.Оңғар, “Қазқайтажаңғырту” РМК бас директоры М.Бигельдиев, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, облыстық мәдениет мекеме басшылары мен ғалымдар қатысты.