Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2023 жылдың IV тоқсанының Қор сатып алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында биылғы жылдың жоспарына сәйкес Атырау қаласы мен аудандарының (Жылыой, Мақат, Индер, Махамбет, Қызылқоға) және Қазақстанның аумағынан ақылы негізде алынған музейлік маңызы бар заттар атап айтқанда XIX-XX ғғ этнографиялық заттар, техникалық-механикалық бұйымдар, металл бұйымдары, тоқыма және мата бұйымдары, Алаш қозғалысының қайраткері Халел Досмұхамедұлының гиперреалистік мүсіні, М.Өтемісұлы мен И.Тайманұлының көтерілісіне қатысты ҚР Орталық Мемлекеттік архивінің құжаттары музей қорына қабылданды. Сонымен қатар Құрманғазы, Индер, Х.Ерғалиев аудандық музейлеріне жеке адамдардың музейге әкеліп тапсырған құжаттай және заттай бұйымдарын қабылдады.