28-қараша күні Құрманғазы ауданында С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде аудан мектептеріндегі «Өренді өлкетанушы» клубы жанынан құрылған Өлкетану топтарының «Өнегелі өлкенің өрнекті істері» атты жылдық қорытынды форумы өткізілді.
Мектеп жанынан құрылған музейлердің таныстырылымымен басталған шара Амангелді Хайдарұлының алғы сөзімен ашылып, «Құрманғазы ауданының 95 жылдық» мерекелік төсбелгісімен Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Тауфихұлы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы, ҚР Жаратылыстану ғылымдарының академиясының толық мүшесі Өтепберген Әлімгерейұлы, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Бисенбайұлы және Құрманғазы аудандық музейінің меңгерушісі Жазира Насиполлақызы марапатталды.
Сонымен қатар Атырау өлке тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан азаматтар облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен, «М.Өтемісұлының туғанына 220 жылдық» төсбелгісі, «Өлкетанушы» төсбелгісімен, “Өренді өлкетанушы” клубының дипломы және Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Өнегелі өлкенің өрнекті істері» форумы Атырау облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қорында жинақталған жәдігерлерін аудан халқына насихаттау мақсатында Құрманғазы ауданында бастау алған «Мұнайлы өлке, шырайлы өлке - Атырау» экспозициясының ашылу салтанатымен жалғасты. Шарада аудан әкімінің орынбасары Амангелді Хайдарұлы, Атырау облыстық-тарихи өлкетану музейінің басшысы Мұхамбетқали Қуанышқалиұлына сөз берілді. Экспозициялық көрмені Құрманғазы аудандық бөлімшесі меңгерушісі міндетін атқарушы Жазира Амандыққызы таныстырды.