Атырау облысының Қызылқоға ауданының Қарабау ауылы маңындағы Қарақұдық 1 және Қарақұдық 2 қорғандарына жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмысы

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жылдық жоспарына сәйкес Атырау облысының Қызылқоға ауданының Қарабау ауылы маңындағы Қарақұдық 1 және Қарақұдық 2 қорғандарына жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмысы өз жалғасын табуда. Қазіргі уақытта аталған ескерткіштердің беткі қабатындағы топырақ жабындысы алынуда. Одан әрі қарай зерттеу жұмысын жалғастыруда ғылыми кеңесші ретінде келген Ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор археолог П.М. Кольцов ескерткіш басында болып, музейдің археологтарына қорғандарды одан әрі зерттеу мәселесіне қатысты өзінің ой кеңесімен бөлісті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru