Пленарлық мәжілістен кейін конференция қатысушылары Абай орталығында «Құрманғазы Сағырбаев - ұлы күйші және тұлға», «ХІХ–ХХ ғасырлардағы Каспий маңы: тарихи-этнографиялық және археологиялық зерттеулерде, Батыс өңірі қазақтарының мәдениеті фольклорлық дереккөздерде» секцияларында өз баяндамаларын жасады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор К.Сахарбаева «Атырау өлкесінің күй мұрасы», Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қартаева Тәттігүл - «Атырау этнографиясының кейбір аймақтық ерекшеліктері», Қазақ ұлттық өнер университеті, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор П.Шегебаев «О программном содержании и музыкальной структуре древних кюев-легенд» (факты, идеи, гипотезы), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық әні кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.Жанпейісова «Атырау өңіріндегі әншілік - жыршылық дәстүр тарихы, Солтүстік Қазақстанның облыстық музейінің бөлім басшысы Галия Бердагулова «XIX-XX ғасырлардағы Каспий маңы: тарихи-этнографиялық және археологиялық зерттеулерде», Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ергалиева «Құрманғазы шығармашылығында шекаралас халықтар арасындағы мәдени алмасу үрдістердің көрінісі», Құрманғазы ауылдық округінің ардагерлер ұйымының төрағасы К.Жармұхамбетов «Құрманғазы Сағырбаев – атақты күйші, сазгер, домбырашы», Атырау облыстық тарихи- өлкетану музейінің басшысы, өлкетанушы М.Кипиев «Бөкей ханның Атырау жеріндегі көші–қоны жөнінде», №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің ғылыми істер жөніндегі орынбасары, А.Сейталиев пен Құрманғазы Сағырбаевтың ұрпағы А.Қайырғалиева «Внуки Курмангазы» тақырыптарында баяндамалар оқыды.
«ХІХ – ХХ ғасырлардағы Атырау тарихы мен мәдениеті» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысымен барлық баяндамашылары мен қатысушыларына сертификаттар табысталды.