Ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде

Атырау облысы әкімі С.Шәпкеновтың төрағалығымен 2023 жылғы 11 тамызда өткен «Сарайшық музей қорығының даму жоспары мен ортағасырлық Сарайшық қалашығының мәселелері» тақырыбындағы жиынның хаттамасына сәйкес Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылған болатын.

Осыған орай 4-ші қыркүйектен бастап Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құралған экспедиция өз жұмысын бастады.

Қазба жұмыстары барысында орта ғасырлық үйлердің қабырғалары, тандыр пеш орындары, қыш ыдыс түрлері, сүйек бұйымдар түрлері, орта ғасырлық   монеталар,  қола айна табылу үстінде.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru