«Балығы тайдай тулаған өлке»

8 маусым күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Балық консерв комбинатының 90 жылдығына орай «Балығы тайдай тулаған өлке» тақырыбында музей қорынан уақытша көрме жасақталды.

Көрмеде өлкемізде алғашқы балық шаруашылығында пайдаланған Каспий теңізінен балық аулауға арналған балықшы көлігі болып табылатын «Реюшка» желкенді қайығының макеті, балық аулау құралдары, 1933 жылдары ашылған балық өңдеу комбинатының құрылу тарихынан сыр шертетін «Қазахстанкая правда» 16 желтоқсан 1933 жылы №21 санындағы «Собщение о сдаче в эксплутацию Гурьевского рыбоконсервного комбината» атты мақаланың фотокөшірмесі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1983 жылы шыққан В.И.Ленин атағын беру туралы қаулысы, «Социалистік құрылыс» 3 қазан 1945 жылғы №360 санындағы «Майдандағы қазақ жауынгерлерлерінің Гурьев облыстық Советі Аткомы председателінің орынбасары Х.Ғабдоловаға» жазған хатының фотокөшірмесі, Гурьев балық комбинатының жұмыс процесінен, балық аулау сәтінен фото суреттер, балық консерві комбинаттың балық өнімдерінің құтылары, бекіре балығының муляжы, балықшы киімі, балық аулау құралдары, сондай-ақ, осы салада көп жылдар бойы еңбекпен еленген өлкемізден шыққан балық кесуші А.Байжігітованың «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілгендігі жөніндегі куәлігі (8 наурыз 1960ж №016467) Орден кітапшалары, «Балық өнеркәсібінің озаты» куәлігі (1.11.1981), мен Атыраудың алғашқы депутаты болған Х.Ғабдолованың депутаттық билеттері 1938,1939 жылдары берілген куәліктері, зауытты басқарған білікті басшы Қ.Әлиевтің өмір деректерімен қоса «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері» атағы, «Құрманғазы ауданының құрметті азаматы» атағы берілгендігі туралы куәліктері экспозициядан орын алған.

Көрмені музей қонақтары, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері мен ұстаздары тамашалады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru