6-11 наурыз аралығында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде жылдық жоспарға сәйкес музейдің ғылыми қорындағы археологиялық коллекцияларды ғылыми талдау, атрибуциялау жұмыстары жүргізілді.
Ғылыми негіз бен дәлдікті қажет ететін сараптамалық жұмыстарды арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология инстиутының ғалым мамандары, қола дәуірі маманы, тарих ғылымдарының кандидаты Байтілеу Дархан Айтжанұлы, ерте темір дәуірі маманы, археология және этнология магистрі Мамедов Аслан Мәлікұлы және Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары өткізді.
Ауқымды жұмыстар барысында археологиялық зерттеулер, қазба, барлау жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме берілді.