«Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер» экспозициясы Индер ауданында

 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің   «Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер» экспозициясы Құрманғазы, Исатай аудандарынан соң  өз жұмысын Индер  ауданында жалғастырды.

Индер аудандық музейінде өткен көрменің ашылу салтанатына аудан әкімі орынбасары Гүлнұр Жалғасқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Республикалық "Махамбет" қорының президенті, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын, жазушы, Индер ауданының Құрметті азаматы Қойшығұл Жылқышиев, аудан ардагерлері, баспасөз өкілдері, мекеме басшылары, мұғалімдер, студенттер, аудан тұрғындары қатынасты.  

Аудан орталығындағы таныстырылымнан соң, көрмеге қойылған жәдігерлер  3-6 қараша аралығында  Аққала, Елтай, Бөдене, Жарсуат ауылдарының мәдениет үйінде жұртшылық назарына  ұсынылды. Қай-қай ауылда да тарихи құндылықтарымызды тамашалаушылар легі толастамады.

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru