«Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер» экспозициясы Исатай ауданында

 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің   «Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер» экспозициясы өз жұмысын Құрманғазы ауданынан соң  Исатай ауданында жалғастырды.

Аудандық мәдениет үйінде өткен көрменің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан, аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов, аудандық мәдениет және дене шынықтыру, спорт бөлімінің басшысы Сейітжан Бегесинов, үздік мемлекеттік қызмет ардагері Мәди Өтеғалиев, Исатай ауданының Құрметті азаматы Құрмет Төлеуішов, аудандық бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері, ауданның қол өнер шеберлері және мәдениет бөлімінің қызметкерлері қатысты.  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген шараға Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорындағы ХІХ-ХХ ғасырларды қамтитын этнографиялық жәдігер топтамасынан 82 дана зергерлік бұйым қойылды. Сонымен қатар осы  көрмеге ауданның қол өнер  шеберлері Гүлзира Қуашқызы, Ұлжан Қабижанқызы, Жанар Амангелдіқызы қатысып, шеберлер өз туындаларын халық назарына ұсынды.

Тұщықұдық ауылдық округінің әжелер ансамблі, Ш.Шәріпов атындағы музыка мектебінің фальклорлық ансамблі  және аудандық «Жалын» мәдениет үйінің өнерпазы А.Машаеваның  ән шашуымен жалғасқан экспозицияны Аққыстау ауылының 250-ден астам  тұрғындары тамашалады. Осыдан соң зергерлік бұйымдар көрмесі өз жұмысын 26-29 қазан аралағында Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық, Хамит Ерғалиев, Өркен, Жанбай ауылдарындағы тұрғындар назарына ұсынды.

 

 

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru