«Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер» экспозициясы Құрманғазы ауданында

 

        Қазақстан Републикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі  аудандарға арналған «Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер» экспозициясының  шеруін  Құрманғазы ауданынан бастады. Шараның салтанатты ашылуында көрменің ашылу лентасын қию рәсімі  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова мен Құрманғазы ауданының "Құрметті азаматы" Өмірзақ Қажымғалиұлына жолданды.  

        Ұлт өнерін ұлықтайтын жауһарлардан жасақталған аталмыш экспозицияға Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорындағы ХІІХ-ХХ ғасырларды қамтитын  этнографиялық жәдігер топтамасынан  82 дана зергерлік бұйым қойылды. Аудан жұртшылығын көп жинаған мәдени шараға сонымен қатар Құрманғазы ауданының "Құрметті азаматтары" Орынғали Құмарғалиұлы, Таңатар Дарелұлы, Қадірбай Жандыбайұлы, Рифхат Мұғалімұлы, аудандық маслихат хатшысы  Болат Жүгінісов, Құрманғазы ауылдық округ әкімінің орынбасары Мерей Есенгелдіұлы, аудандық «Серпер» баспасының бас редакторы Айнагүл Күншуаққызы және ауданға қарасты қол өнер шеберлері мен Абай орта мектебінің оқушылары қатысты.

         Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздарының ән шашуымен жалғасқан экспозицияны бір мезетте барлығы 420 аудан тұрғыны тамашалады. Осыдан соң зергерлік бұйымдар көрмесі өз жұмысын 19-22 қазан аралығында Құрманғазы ауданына қарасты Орлы, Еңбекші, Мақаш, Приморье елді мекендерінде жалғастырып, ауыл тұрғындарының зор ықыласына бөленді.  

                                                                                                                                

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru