Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңестің отырысы

онл12020 жылы 19 тамыз күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешовтың төрағалығымен онлайн форматта «Цифрлық дәуірдегі Қазақстан музейлері: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Музей ісі жөніндегі Көркемдік кеңес отырысы өтті.

 Көркемдік кеңес отырысында Қазақстан Республикасындағы музейлердің онлайн–режимдегі қызметін жетілдіру, цифрлық дәуірдегі отандық музей саласының қызметін дамыту, музей саласының онлайн режимдегі қызметін тұрғындарға қолжетімді ету мәселелері талқыланды.

 Отырысқа Көркемдік кеңес мүшелері, республикалық және жергілікті атқарушы органдарына қарасты мемлекеттік музей басшылары, Мәдениет және спорт министрлігінің және қоғамдастық өкілдері қатысты.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипова Көркемдік кеңесте қатынасушыларын Атырау облысының мәдени құндылықтарын цифрландыру бағытында музейдің атқарған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарымен таныстырды.  

онл8 онл5

онл4 онл7 

онл3 онл6

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru