«Алтын Орда кезеңі: уақыт пен кеңістік аясында» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылы  17 маусым күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлесен түрде арналған «Алтын Орда кезеңі: уақыт пен кеңістік аясында» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. 

Елдегі төтенше жағдайға байланысты ғылыми-практикалық конференция онлайн форматта zoom бағдарламасы арқылы өтті. 
Конференцияға Отандық және шет елдік ғалымдар және Мәдениет мекемесіне қарасты музейлер мен білім ордаларының магистарнттары мен докторанттары қатынасты.
Тікелей видеобайланыс форматында өткен конференцияның баяндамашылары: Түркия елінен тарих ғылымдарының докторы, Анкара университетінің профессоры Abdullah Gundogdu, тарих ғылымдарының докторы, Анкара университетінің профессоры Serhan Çınar, РФ Кабардино-Балкар Республикасынан тарих ғылымдарының докторы Рашид Қасқырбай Қасқырбаевич, Сарайшық тарихи мәдени музей қорығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, Филология ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті профессоры Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы баяндама жасады.
Конференция мәртебелі меймандардың құттықтау сөздерімен басталды. Басқосуды жүргізіп отырған тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапанов Сайпулла Жұмабайұлы алғашқы сөз кезегін Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Лесқали Базарғалиұлына берді. Бұдан кейін пленарлық отырысы жарияланып, жоғарыда аталған ғалымдар Алтын Орда тарихының ақтаңдақ беттері, оның тікелей ізбасары кім, саяси құрылымы және экономикалық деңгейі, сондай-ақ Қазақ хандығының шығу тегі мен Жошы ұлысынан еншісін алып бөлек шыққан түрлі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары, тарихи сананы жаңғырту тақырыбында пайымды пікірлерімен бөлісті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru