Қазақ үшін батаның қасиетті ұғым болғанына лиро-эпостық жырлар мен көркем шығармаларға арқау болған жастардың өмірі дәлел. Онда ата-анасының ақ батасын алмай қосылған екі жас мақсат-мұратына жете алмайды. Мысалы, "Қыз Жібек" жырындағы Төлеген әкесінен теріс бата алып, Жібекке қосыла алмай, арманда дүниеден өтеді. Сондықтан жаңа отау көтеріп, өз алдына түтін түтеткен жас жұбайларға ата-анасы ауылдағы қадірлі қарттар мен білікті кісілерді шақырып, отауларынан дəм тат қызып, ақ баталарын беріп отырған.
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданының тумасы Үмбетәлиев Жұмагелді ақсақалдың «Батаменен ел көгерер» аймақтық ашық байқауында сәлт-дәстүрге байланысты жас жұбайларға берген батасы.