«Музейлер шеруі» акциясы аясында «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы Құрманғазы ауданының күндері

ауд к2Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысы М.М.Тәжиннің төрағалығымен өткен кеңестегі «Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша берген тапсырмасына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» акциясы аясында 20 қыркүйек күні «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы Музей түнінде Құрманғазы ауданының  күндері өткізілді.

Шара Құрманғазы ауданының тарихымен таныстырып, ата-бабаларымыздан сақталған мұраларды көненің көзіндей сақтап насихаттап, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту, халыққа рухани демалыс сыйлау мақсатында өтті.

         Музей түнінде Құрманғазы ауданы күндерінің  ашылуы көркемөнерпаздар концертімен музей алаңында басталды. Ашылу салтанатында сөз  алған Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаев аудан күндерін алғаш болып Құрманғазылықтар шымылдығын ашып отырғанына ризашылығын білдіріп, музеймен бірлескен жобалар көп болсын деген игі тілегін білдірді. Одан әрі шарада Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Құрманғазы аудандық музейінде Құрманғазы бабамызға қатысты жинақталған материалдардар негізінде жарық көрген «Күй атасы» кітабының  тұсауын Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуанов пен музей басшысы Р.Харипова кесті.

Концерттік шара жаңадан жасақталған музей залында  Құрманғазы ауданының тарихынан сыр шертетін көрмесінің ашылу салтанатымен жалғасты. Көрмеге әр көрерменнің жүрегіне жол тапқан ауданның  аса құнды жәдігерлері қойылды.

Бағдарлама аясында ауданның Құрметті азаматтары Рысқали Ғабдығаппарұлы мен Зұлпыхар Мақсотұлымен пікір алмасып, олардың өнегелі өмір жолын жастарға насихаттау мақсатында «Елі сыйлаған ел ағалары» тақырыбында жас буын өкілдерімен  кездесу кеші  ұйымдастырылса,  қазақтың ұлттық құндылығы киіз үйде сары самаурыннан шәй іше отырып, көпке үлге өнеге болар ақ жаулықты аналарымызбен сырласу кеші ұйымдастырылды. Оған отбасы мен қызметін қатар алып жүрген, ауданның дамуына өзіндік үлесін қосқан Құрманғалиева Жаннәт, Нұрғажина Сәркен, Сарбалина Жұмақыз, Алпысова Сара, Нұрғалиева Райса сынды Құрметті аналарымыз қатынасты.

Түнгі сағат 03.00-ге дейін жалғасқан «Музей түнін» тамашалауға келген көрермендер  Талғат Жұмалиев, Болат Бидуллаев, Ғалия Рысқалиева және тағы да басқа  аудан шеберлерінің көрсе көздің жауын алар шеберлікпен жасалған қолөнер бұйымдарын тамашалап, шеберлік сағаттарына қатынасты. Музей алаңында сонымен қатар «Қазақща күрес», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Садақ ату» ұлттық ойындары кеңінен насихатталды.

Көрермендер  музей залдарында квест ойындарын ойнау,  салмағы 20,30 кг тартатын батырларымыз киген сауыт пен батыр киімін және Сарайшықтағы Жәнібек ханның сұлу қызының киім үлгісін киіп фотоға түсу мүмкіндігіне ие болды.

Алаңда  Құрманғазы ауданының көркемөнерпаздарының  концерттік бағдарламалары  көрермендерді түнгі 23.00-ге әуезді әуендерімен сусындатты.

Кешкі 21.00 мен 03.00 аралығында өткен «Музей түні» жобасына 4300  көрермен қатынасты. Көрермендердің арасында сауалнамалар жүргізіліп, нәтижесінде музей түнінің көрермендерді музейге тартуда қажеттілігі анықталды.

Құрманғазы құт мекенінің тарихи құндылықтарымен таныстыру жүйесі өте жоғары деңгейде, - деп қала қонақтары мен тұрғындары өз тілектерін, жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдіріп, пікір кітабына өз ұсыныс-пікірлерін жазып, қолтаңбаларын қалдырды.

«Музейлер шеруі» жалпыреспубликалық акциясы аясында өтіп жатқан «Музей түні» эстафетасын жалғастыру,  арнайы келген музей қонағы  Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мирболат Ерсаевқа жолданды. 

ауд к2ауд к4ауд к1ауд к3ауд к5ауд к6ауд к7ауд к8ауд к17ауд к11ауд к16ауд к15ауд к22ауд к9ауд к12ауд к13ауд к20ауд к10ауд к19ауд к21ауд к14ауд к24ауд к18ауд к23 

ауд к27ауд к28

ауд к25ауд к29

ауд к31ауд к26

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru