Қорға жәдігерлерді қабылдау

кк5Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 18 қыркүйегінде 3-тоқсан бойынша қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы өткізілді.

Қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының шешімімен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорына 209 сақтам бірлік, Индер аудандық бөлімшесіне 5 сақтам бірлік, Исатай аудандық бөлімшесіне  1 сақтам бірлік, М.Өтемісұлы әдеби-мемориалдық ауылдық бөлімшесіне 20  сақтам бірлік қабылданды.  

 Атап айтқанда, Атырау облысы тарихи–өлкетану музейі қорына ақылы негізде ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының  ұлттық аяқ-киім түрлері - кебістер мен шоңқайма етіктер, тұрмыстық бұйымдар - бітпес, керме, басқұр және кілем тоқитын құрал - тарақтардың түрлері, ат – әбзелдері - үйрек бас ер, үзеңгі, құйысқан, жүген, батырдың киімдері мен қару жарақтары - сауыты мен қалқаны, қанжарлар, зергерлік бұйымдар түрлері - қапсырма, жүзіктер мен өңіржиектер, 1800 - 1990 жылдар аралығында елімізде қолданыста болған монеталар  мен қағаз ақшалар  (банкнота), тауар алуға арналған чектер мен шетелдік ақшалар түрлері, 1980 жылдары Нарын құмынан табылған ХVІІІ ғасырдың ІІ - жартысында пайдаланылған найза ұшы, «Ғылыми эксперименттік тәжірибелік археология «ҒЭТА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен  арнайы тапсырыс арқылы Қазақ халқының «Қыз Жібек» эпосының кейіпкерлері Төлеген мен Қыз Жібектің ұлттық нақыштағы киім үлгілері мен әшекейлері, «Зерлеу» авторлық үйінің негізін қалаушы, КСРО және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі А.Абдубайтова  тіккен Ер адамның ұлттық киімдері ( зерленген хан  шапаны, құндыз  бөрік,  жейде шалбарымен,  оюлы қайқыбас етік), Келіншектің ұлттық киімдері  ( зерленген бешпет көйлегімен, зерленген шархат, оюлы етік), Бойжеткеннің ұлттық киімі (камзол көйлегімен,  бас киімі –«Қасаба», оюлы етік) түрлері қабылданды.

Сонымен қатар музейде ұйымдастырылған әр түрлі іс–шаралар барысында сыйға берілген  Қазақ КСР-нің еңбек  сіңірген әртісі, кино және театр актрисасы М.Өтекешовамен ұйымдастырылған «Жайықтың аққу Жібегі» атты шара барысында тапсырылған афишалар, күйші - композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтайдың мақаласы, арнау өлең және дискісі, «Латынға көшу – өркениетке қадам» атты облыстық байқауы шарасында тапсырылған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласы: Дәуірлік талаптар және қазақ әліпбиі әдістемелік құрал кітапшасы, Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі және ақын, Атырау облысының Құрметті азаматы Н.Әжіғалиевтың құжаты мен кітабы музейдің ғылыми қорына қабылданды.

Индер аудандық бөлімшесіне: зергерлік бұйымдар түрлері, Исатай аудандық бөлімшесіне: ХІХ ғасырда пайдаланылған батырдың сауыты,   М.Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық бөлімшесіне: ХІХ ғасырда пайдаланылған батырдың сауыты және Абайдың мүсіні, тарихи - әдеби кітаптар түрлері  қабылданып, музей қоры толыға түсті.

кк1 кк4

кк2 кк3

кк5 кк6

кк7 кк8

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru