2019 жылы 13 қыркүйек күні сағ: 11.00 де Атырау облысы тарихи –өлкетану музейінде Елбасының Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, барысында музей қорында жинақталған қазақ халқының қолөнер үлгісі түкті кілемдер коллекциясымен таныстыру, халықтық қолөнерді құрметтеуге, қастерлеуге, үйрету және насихаттау мақсатында қорда жинақталған кілемдер қоллекциясынан «Түкті кілемдер сыры» атты уақытша көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге музей қорындағы түкті кілемдердің тарихы туралы баяндалды және олардың тоқылуы мен өрнектерінің ерешеліктері туралы ашылып айтылды. Сонымен қатар музей қорындағы ерекше көзге түсетін құндылығы жоғары; Абай Құнанбаев, Н. Назарбаев, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы, Нұрмұхан Жантөрин, Сафи Өтебаев, Жұмекең Нәжмеденов, Бөлекбай Сағыналиев сынды ел арыстары бейнеленген кілемдердің түрлері көрсетілді.
Көрмені экскурсиялық бөлімнің экскурсаводы Әділхан Еңілік танысырып өтті.
Шараға Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Өнер және мәдениет» бөлімінің дизайн негіздері және қолөнер мамандығының 1-3 курс студенттерімен жетекшісі Өтемісова Айнұр қатынасты.
«Түкті кілемдер сыры» көрмесі музейдің «Акт» залында орналастырылып, қойылды.
Көрмені барлығы: 50 адам тамашалады.