Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жастар жылына орай студенттер арасында 12 қыркүйек 2019 жылы «Атамұра» лингвисткалық ойыны өткізілді.
Ойыннның мақсаты - жастар санасына ұлттық құндылықтарды дәріптеп, сөз қадірін ұқтырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болатын. Ойынға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2,3-курс студенттері қатысты.
Үш кезеңнен құралған ойынға 2 оқу орнынан келген 4 студент қатысты. Ойынның басты шарты бойынша- әр кезең сайын ұпайы аз бір қатысушы ойыннан шығатыны қатысушыларға таныстырылды. Қызықты өткен ойынның бірінші кезеңінде берілген сөздерден тұрақты сөз тіркесін құрау және оның мағынасын ашудан жарысқан студенттер, «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталған екінші кезеңде экранда берілген сөздерден мақал құрастырудан сайысқа түсті. Ал, қорытынды кезеңде, ерте кезде қолданылып, қазір қолдану аясы тарылған, қолданыстан тыс қалған сөздердің мағынасын табудан сынға түсті.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша, Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті Гүлназ ойын жеңімпазы деп танылды. Қатысушыларға ескерткіш сыйлықтары табыс етілді. Ойынды көрермен ретінде музей қызметкерлері және колледж студенттері тамашалады.