Ғылыми қор бөлімі мамандарының іс-тәжірибе алмасуы

ІС22019 жылдың шілде айының 12-19 күндері  Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің  Ғылыми қор бөлімінің мамандары: музей қорларын сақтау секторының сектор жетекшісі – К.Елеуова, музей қорын есепке алу секторының әдіскері – М.Наурызбаева, қор сақтаушы – С.Тайшиева  Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Ұлттық музейі және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасында  іс-тәжірибе алмасты.

 Іс-тәжірибе алмасу барысында ҚР Ұлттық музейінде мәдени коммуникациялардың жаңа нысандарын дамытудың заманауи инновациялық бағыты бойынша музейдің қор сақтау бөлмелеріндегі рельсті жылжымалы сөрелермен, бөлме температуралары мен ылғалдылығын өлшеу құралдарымен танысып, «Музей» АЖ бағдарламасы бойынша музей құндылықтарын енгізудегі негізгі мәселелері мен тиімді жақтары талқыланды.

 ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасында белгіленген жұмыс кестесі бойынша «Музей» АЖ есепке алу, қабылдау процестерімен, инвентаризация, ғылыми зерттеу жұмыстарымен, «ықпалдасу» (интеграция) модулімен, «Музей» АЖ бағдарламасының негізінде қалыптасқан экспозициялық залдардағы ақпараттық киоскалармен, мәліметтер базасымен танысты. Қор сақтау бөлмелерінде болып, музей құндылықтарының заманауй үлгіде, қор сақтау және экспозициялау жұмыстарында музей құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселері жолға қойылды.

ІС1ІС2

ІС3  ІС4

ІС5 ІС6

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru