Ірі көлемде ұйымдастырылып келе жатырған жобалардың бірі «Музейлік квест» интелектуалдық байқауы биыл бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында өткізіліген болатын. Түрлі сынақтар мен сайыстар арқылы музейдегі тарихи-археологиялық, этнографиялық құнды жәдігерлердің тарихын ұғындыру мақсатында өткізілген сайыста «Atyray» телеарнасының командасы жеңімпаз атанып Көкшетаудағы «Ботай-Бурабай» ашық аспан музейіне жолдаманы ұтып алған болатын
Жеңімпаз команда 2019 жылдың 11-15 шілде күндері жеңімпаз команда музей жанынан музей басшысының орынбасары Газимова Сая мен экскурсоводтар Бисембаева Динара, Назарбекова Ғалиядан құрылған жетекші топпен бірге команда мүшелері Қалбаева Айнагүл, Құдайберген Қуаныш, Ұланбаев Мейірбек Ботай-Бурабай ашық аспан музейіне саяхат жасады.
Бурабай курорты аймағында ашық аспан астындағы «Ботай - Бурабай» археологиялық-этнографиялық музейі 2018 жылдың шілде айында ашылған болатын. Музей Ботай қонысының бар көне бейнесін баяндайтын жеті тұрғынжайдан тұрады. Тұрғынжайлар ежелгі адамдар қонысында әулеттің отағасы жайғасатын салтанатты жай, қымыз баптайтын ас үй, құрал-жабдықтар мен қару-жарақтарын қоятын қойма іспеттес бөлме, жылқы баптайтын бөлмелерге бөлініп, іші сол дәуірдегі жәдігерлермен жасақталған.
Команда мүшелері 11-13 шілде күндері осы Неолит дәуіріндегі «Ботай-Бурабай» тарихи-мәдени орталығындағы аспан асты музей жәдігерлерімен танысып, табиғи жəне тарихи нысандар сырына қанығып, Ботай мәдениетінің жауһар жәдігерлерін, көне мекеннің көмескі тартып барып қайта жаңғырған сұлбасын араласа, 14-15 шілде күндері Бурабай кентінің тарихи - мәдени орындары Бурабай кентінің тарихи-өлкетану музейінде, Абылай хан алаңы, Бурабай көлі, Оқжетпес тауы мен Жұмбақтас қа саяхаттады. Неолит дәуіріндегі көне Ботай қонысымен танысып, Көкшенің табиғаты мен тарихына қаныққан «Atyray» телеарнасының командасы музей әкішілігіне шексіз ризашылығын білдірді.