Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің ең жоғарғы лауазымды қызметін атқаруына 30 жыл толуына орай өткізілген шаралар

Н12Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің ең жоғарғы лауазымды қызметін атқаруына 30 жыл толуына орай 2019 жылы 19 маусымда «Отан деп соққан жүрегі, Елбасы-елдің тірегі» көрмесі, 20-шы маусымда «Бата» фильімінің көрсетілімі, 21 маусымда  «Н.Ә.Назарбаев-тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» кітап көрмесінің ашылу салтанаттары өтті.

 Аталған шаралар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолын, Тәуелсіз Қазақстанның қа­лыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін жан-жақты көрсету, музейдің кітапхана қорындағы Елбасының әр жылдарда жазған еңбектерімен жарлықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

       2019 жылы 19 маусымда сағ:11.00-17.00 де «Отан деп соққан жүрегі, Елбасы-елдің тірегі» көрмесі №2016  әскери бөлімінің сарбаздары мен  Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және ҚР ІІМ Атырау облысының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне таныстырылды.

        ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына арналған көрмені жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми-зерттеу секторынын жетекшісі Н.Қамиева таныстырды. Көрмені таныстыруда Н.Қамиева Елбасының өмірбаяндық деректеріне, ғұмырнамасының елеулі белестеріндегі халқы алдын­дағы, мемлекет алдындағы атқарған қызметтеріне, облыс экономикасының қарыштап дамуына жол салғаны жөнінде толық ақпарат беріп, Елбасының тікелей өзінің бастамасымен  мұнайлы Атырау өңірінде  іс-сапармен болған фото көріністері,  Елбасының әр жылдарда жазылған кітаптары, жарлықтары, халыққа жолдаған үндеулері  қонақтардың назарына кеңінен таныстырылды.  Көрмеге барлығы 110 адам қатынасты.

        20 маусымда сағ:10.00-17.00 де Т.Сәтмағамбетұлының Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа берген «Бата» деректі фильмінің көрсетілімі көрсетілді.       «Бата» деректі фильмінің көрсетіліміне №12 Ф.Досымова атындағы мектеп, №22 Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп, №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық гимназия, №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп,  №3 мектеп гимназиясының оқушылары мен тәрбиешілері тамашалады. Барлығы 70 оқушы қатынасты.

        21 маусымда  сағ:10.00-17.00 де «Н.Ә.Назарбаев-тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» кітап көрмесінің ашылуы болып өтті.

        Кітап көрмесін музей кітапханашысы А.Қабесова №18  Н.Крупской атындағы орта мектеп, №19 Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп, №22  Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп, №36 Т.Амандосов орта мектеп оқушылары және тәрбиешілеріне таныстырды.

        Көрмеде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдарда шыққан кітаптары мен шет тілдегі еңбектері, жолдаулары, Елбасының жоғарғы мемлекеттік марапаттары, мемлекет басшылары мен отандық авторлардың қолтаңбасы бар кітаптары қойылып көрермендер назарына ұсынылып, 80 адамға таныстырылды.

       Барлығы 260 адам қатынасты.

Н1 Н2

Н3 Н4

Н5 Н6

Н7 Н8

Н9 Н10

Н11 Н12

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru