2019 жылы ІІ-ші тоқсанында өткізілген қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы

Сараптама1

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 14 маусымында  ІІ-ші тоқсан бойынша қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы өткізілді.

 Қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының шешімімен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорына 105 сақтам бірлік, Индер аудандық бөлімшесіне 15 сақтам бірлік, Исатай аудандық бөлімшесіне  1 сақтам бірлік, Б.Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» ауылдық бөлімшесіне 32  сақтам бірлік қабылданды.

         Атап айтқанда, Атырау облысы тарихи –өлкетану музейі қорына Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген мұғалімі Сабыр Қазыбаевтың фотосуреттері мен құжаттары, саяси қуғын-сүргін құрбаны Халид Ақботиннің құжаттары, Ұлы Отан соғысына қатынасушы Жанқылыш Айдаралиевтың фотосуреттері, құжаттары және «Отан соғысы» ордені, География ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық «Экология» академиясының академигі Нариман Әмірғалиевтың фотосуреті мен өмірбаяны, Атырау қаласының тұрғыны Н.Ш.Березова тапсырған Гурьев қаласының 1950-1980 жылдардағы фотосуреттері,  Н.Үлкенбайұлы атындағы  І  Республикалық  музей қызметкерлерінің  байқауына қатысты фотосуреттері қабылданды.

Индер аудандық бөлімшесіне: Социалистік Еңбек Ері Сақан Дәулетқалиевтың фотосуреттері мен құжаттары, заттай бұйымдары, Исатай аудандық бөлімшесіне: 1940  жылдары  шебер Мажитов Қабиденнің қолынан шыққан домбыра; Б.Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» бөлімшесіне:  Ұлы Отан соғысы ардагері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Ғалым Абдірахмановтың құжаттары, ордендері мен медальдары тапсырылып, музей қоры толыға түсті.

Сараптама2 Сараптама3

Сараптама4 Сараптама5

Сараптама1

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru