31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген «Зұлмат заманның зардабы» шарасы

ЗЗЗ.2 2 2019 жылдың 31 мамырында "31 мамыр саяси қуғын – сүргін  құрбандарын еске алу" күніне орай, Кеңес заманындағы ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңін бастан кешірген қазақ зиялыларының елі үшін жасаған игі еңбектерін зерделеу, сонау ауыр жылдарда жазықсыз жапа шекке қайраткерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу, насихаттау мақсатында  «Зұлмат заманның зардабы» тақырыбындағы шара өткізілді.

        Шараға «Халық жауы» атанып жазықсыз жазаланған Қойшыбай Есембаевтың қызы А.Қойшыбаева, өмірінің 20 жылын Сталиндік лагерде өткізген Жәнібек Бердиевтің зайыбы, қазіргі уақытта «Рух – Память» қоғамдық қорының  төрайымы М.Ғаббасқызы, 1937 жылы «Халық жауы» атанып жазықсыз  жазаланған  Башиғұлов  Асанның  қызы Н.Асанова, жазықсыз жазаланған Бердиев Махмудтың әйелі  М.Бердиева, Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері, Ф.Досымова атындағы №12 орта мектептің оқушылары мен БАҚ өкілдері қатынасты.

Шарада барысында музей қорында жинақталған Алаш қозғалысының қайраткерлері Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, өлкемізде оқыған көкірегі ояу жазықсыз жазаланған Х.Ақботин, Қ.Есқалиев, А.Құдайбергенов, М.Біләлов, Ғ.Қарабалин, Қ.Есембаев, Ө.Исмурзин, А.Башиғұлов, М.Бердиев, Ж.Бердиевтің архивтік құжаттары, ақталу туралы анықтамалары мен куәліктері, фотосуреттерінен көрме жасақталып, көрмеге барлығы 60 жәдігер қойылды.  Көрмені музей қызметкері  Н.Қамиева  таныстырды.

    Шарада саяси қуғын – сүргіннің  құрбандарының бірі  Бердиев Махмұдттың зайыбы М.Бердиева сөз алып, бастарынан өткізгенін өмірінің  қиындықтары мен азаптарын айтып өтсе,Рух-Память» қоғамдық қорының төрайымы  М.Ғаббасқызы, жазықсыз жазаланған Қ.Есембаевтың қызы А.Қойшыбаева, А.Башиғұловтың қызы Н.Асанова халқы үшін тер төккен әкелерінің еңбектеріне, жасаған игі істеріне тоқталып, шараның маңыздылығы мен  кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол екенін айтып өтіп, музей  ұжымына  алғыстарын білдірді.

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншісі Е.Бақытбек «Жансәулем» әнін орындап, келген қонақтарға музей атынан естелік кітаптар табысталды. Шараға  барлығы  50 адам қатынасты.

ЗЗЗ.1 2 ЗЗЗ.3 2

ЗЗЗ.2 2 ЗЗЗ.6

ЗЗЗ.5 ЗЗЗ.4

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru