Нариман Үлкенбайұлы атындағы музей қызметкерлерінің І Республикалық байқауы

РБ 1 Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың мамыр айының 26-29 аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл музей мамандарының кәсіби шеберліктерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор Нариман Үлкенбайұлы атындағы музей қызметкерлерінің І Республикалық  байқауы  өтті.

 Байқау кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл музей мамандарын анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету, сала мамандары мен көрермен арасындағы талғамдық құндылықтарға жету, музейге келушілермен жұмыс істеуде жаңа әдістерді енгізу мақсатында өткізілді. 

26 мамыр күні Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, күйші, белгілі композитор Н.Үлкенбайұлының 80 жылдығына арналған Республикалық Халық театрлары фестивалі мен музей қызметкерлері арасында өткізілетін I Республикалық байқауының ашылу салтанаты  болды. Шара барысында Н.Үлкенбайұлының музей қорындағы өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін фотосуреттері, орден-медальдары, жеке тұтынған бұйымдары мен кітаптарынан  «Нар тұлға, сөз зергері – Асыл аға, Нұр бейнең жалғасады ғасырларға...» көрмесі  ұйымдастырылды.

Байқау бағдарламасына сәйкес 27 мамыр күні Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясында байқауға қатынасушылар  байқаудың I, II, III кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Байқауға республика көлеміндегі  облыстық, аудандық тарихи-өлкетану  музейлерінің,  музей - қорықтарының, тұлғалық музейлердің бөлім қызметкерлері мен мамандары, экскурсоводтары қатынасты.

Байқауға Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, Махамбет және Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтардың иегері, қазылар алқасының төрағасы – Қ.Жылқышиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Экскурсиялық жұмыстар және музей педагогикасы қызметінің экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі – А.Айбосынова, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы, Мәдениет саласының үздігі – Т.Жұмалиева,Тарих ғылымдарының кандидаты, «Туран» Университетінің, «Туризм және сервис» кафедрасының доценті, музейтанушы – Ғ.Файзуллина, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің Қазақстан және дүние жүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты – Ә.Ермағамбетова, Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркем сурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы – Т.Орынбасаров және Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорларды есепке алу секторының жетекшісі – К.Аймұқанова бастаған қазылар алқасы қазылық  етті.

4 кезеңнен тұратын байқаудың «Келіңіз біздің музейге» деп аталатын 1-ші кезеңі бойынша байқау қатысушылары өзі қызмет ететін музей экспозициясын берілген уақыт бойынша бейнеролик арқылы таныстырады. Байқаудың «Менің өмірімдегі музей» деп аталатын 2-ші кезеңінде қатысушылар музейдің мәдени - көпшілік немесе ғылыми - ағарту салалары бойынша енгізген жобасын таныстырып қорғады. «Ұлы даланың ұлы есімдері» деп аталатын байқаудың 3-ші кезеңінде байқау қатысушылары берілген уақыт бойынша өз өлкелерінен шыққан белгілі бір ғана тұлғаны таныстырды.

Байқаудың IV-ші кезеңі 28 мамыр күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде өтті. Байқау барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Бекет Тұрғараев Республикамызға белгілі қайраткер, көркем сөздің шебері, жезтаңдай әнші де дәулескер күйші Нариман Үлкенбайұлының азаматтық болмысы, өнердегі орны мен өнегелі ғұмыры жайлы сыр шертіп, музей қорына өз бастамасымен жарыққа шыққан «Нар-Иман ҮЛКЕНБАЙҰЛЫ» кітабын сыйға тартты.

IV-ші кезең бойынша байқау қатынасушыларына Нариман Үлкенбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы дайындалған сұрақтар суыру арқылы сұрақ-жауап ретінде болды. Байқау қатысушылары берілген сұрақтарға жауап беріп, қазылар алқасы музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу мақсатында музей мамандары арасындағы республикалық байқаудың  алдағы уақытта да өткізіліп тұруына бір ауыздан өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

29 мамыр күні Нариман Үлкенбайұлы атындағы музей қызметкерлерінің І Республикалық байқауы мен Халық театрлары Фестивалінің жабылу салтанаты Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында жалғасты. «Нарынның Нар-Иманы» әдеби-музыкалық композициясымен басталды.

Жеңімпаздарды марапаттау үшін сахна төріне қазылар алқасы шақырылып, байқау қатынасушыларына арнайы дипломдар мен сертификаттар табысталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нариман Үлкенбайұлы атындағы музей қызметкерлерінің І Республикалық байқауында «Тұлға танушы» номинациясымен: А.Омарканова – Солтүстік Қазақстан облысы. Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі; Л.Нүркеева – Ақтөбе облысы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері;Ә.Наушабаева – Маңғыстау облысы, Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінің қызметкері, «Озық ойлы маман» номинациясымен Б.Данияров – Түркістан облысы, Тарихи - мәдени этнографиялық орталығының қызметкері;А.Айдынбаева –Алматы облысы, ҚР Орталық музейінің қызметкері;Г.Мырзағалиева–Атырау облысы, Мақат аудандық музейінің қызметкері, «Үміт сәулесі» номинациясымен Г.Мамбетқазиева–Батыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану музейінің қызметкері; Н.Бейсембина – Солтүстік Қазақстан облысы, Абылай хан резиденциясы музей кешенінің қызметкері; Л.Еділбаева - Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының қызметкері; Ә.Жанеева – Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық музейі қызметкері, Жастар жылына орай ерекеше көзге түскен жастарға «Үкілі үміт» номинациясымен: М.Сырымов-Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық музейі бөлімінің қызметкері; Д.Есенбаева – Алматы қаласы, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының қызметкері; А.Мекемова – Жамбыл облысы, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері; ІІІ дәрежелі дипломмен А.Беккулиева – Қызылорда облысы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері; А.Ойшыбаева – Батыс Қазақстан облысы, Сырым Датұлы  аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері; М.Кенжекулова - Түркістан облысы, Түркістан тарихи-өлкетану музейінің қызметкері,ІІ-дәрежелі дипломмен А.Мурсалимова – Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері; Н.Жақсылықова   – Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық музейінің қызметкері марапатталса, Нариман Үлкенбайұлы атындағы музей қызметкерлерінің І Республикалық байқауының Нариман Үлкенбайұлы атындағы Бас жүлдесімен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің  меңгерушісі  Л.Салихова марапатталды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, күйші, белгілі композитор Н.Үлкенбайұлының 80 жылдығына арналған музей қызметкерлері арасында өткізілген I Республикалық байқауына  барлығы 1250  адам қатынасты.

РБ 2РБ 3 

РБ 9РБ 8                                            

РБ 5

РБ 6

РБ 7 РБ 10

РБ 11

РБ 12

РБ 13РБ 14 

РБ 15 РБ 1

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru