2018 жылдың 20 қыркүйек күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Музей саласындағы ақпараттандыру жұмыстары» ғылыми-тәжірибелік семинары өтті.
Аталған семинар Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында және рухани жаңғыру міндеттері тұрғысында мәдени мұраларымызды зерттеу және насихаттау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Музей қызметіндегі ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Ғылыми-тәжірибелік семинардың кіріспе сөзін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директорының орынбасары Қ.Ақтаева мен Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары А.Жолаев ашты.
Семинарға қатынасушылар Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау бойынша АС «Музей» аватоматтандырылған жүйесін жетілдіру аясындағы зерттеу және тәжірибелік жұмыстарының қорытындысымен танысып, пікір алмасты.
Семинарға Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық және аудандық музейлер қызметкерлері, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатынасты.
Семинар қорытындысы бойынша қатынасушыларға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сертификаттары табыс етілді.