«Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік маңызы бар қасиетті нысандары» кітаптарының тұсаукесері

Елбасы мақаласында айтылғандай, еліміздегі тарихи-мәдени жерлерді қастерлеу, рухани жұтаңдықтан аман сақтап қалады. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты республикалық жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде іске асып жатыр. Идеяның түп-төркіні – ескерткіштер мен көне ғимараттарды қалпына келтіріп қана қоймай, киелі мекендер мен өлмес мұраны ұлт жадына біртұтас кешен ретінде орнықтыру болмақ.
Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде 2017-2021 жылдарға арналған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру жоспары бойынша «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының бөлім басшысы А.Екімбаева мен жергілікті өлкетанушылар арасында кездесу және «Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік маңызы бар қасиетті нысандары» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru