2018 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің елімнің нышандары»тарихи-тағлымдық мерекелік шара өтті.
Шараның мақсаты: Азаматтыққа және отансүйгіштікке, ұлттық мақтанышымызды құрметпен қарап, қастерлей білуге жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беріп, танымдық қабілеттерін дамыту бағытында патриоттық шара өткізу.
Кештің барысы: Осы атаулы күнге орай мәдени және рухани тәрбиелеу мақсатында бірлесіп өткізу үшін шараға Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы-С.Г.Камешева қатынасып, мемлекеттік рәміздердегі өзгертулер мен олардың пайдалану тәртібі туралы баяндап, слайд көрсетілді.
Мерекелік шара Мемлекеттік гимнмен басталып, Егемендігіміздің берік негізі-Мемлекеттік рәміздер туралы айтылып, мекеме басшыларының құттықтау сөздерімен аяқталды.
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің отанына деген патриоттық сезімі мен асқан сүйіспеншілігі шара барысында байқалды.