Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 7 ші қыркүйек 2017 жылы сағ.:11-00–де қазақтың көрнекті ақындары, М.Отаралиев пен М.Сатыбалдиевтың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына орай "Ерте сөнген қос жалын" атты еске алу кеші мен әдеби тағылымдық сабақ өткізілді. Тағылымдық сабаққа Атырау қаласы, Ақжайық ауылында орналасқан М.Отаралиев атындағы мектептің оқушылары қатынасты.
Сабақта қазақтың көрнекті ақынындары М.Отаралиев пен М.Сатыбалдиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, келер ұрпаққа насихаттау мақсатында өткізіліп, жастар үшін еліміздің рухани құндылықтарын қадірлеуде берер тәлімі, мәдениетіміз бен өнерімізді дамытуға үндеу және қайраткерлік, білімпаздық қасиеттерге баулуда маңызы зор екенің түсіндіру.Сабақ барысындабейне суреттер арқылыақындардың өмірі мен шығармашылығына, М.Отаралиевтің«Қалампыр», «Көбелек», «Жас дәурен» атты өлеңдер жинақтарына, М.Сатыбалдиевтың «Махамбеттің монологы», «Қызғұш құс» атты таңдамалы өлеңдер жинағына «Қоңыр қозы» повесіндегі басты кейіпкері Жұпаргүл бейнесіне тоқталып, түсіндіріп, музей қорында жинақталған ақынның өмірінен сыр шертерлік фотосуреттерінен дайындалған слайдты музей маманы Е.Тілекқабылов таныстырды.
Әдеби тағылымдық сабақта М.Отаралиев атындағы мектептің оқушалыры ақынның «Ана», «Әжеме хат», «Көбелек», «Каспий толқыны», «Туған жерге сыр», «Дала кеші» атты өлеңдерін жатқа оқыды. Осы аталған мектептің ұйымдастырушысы музей қызметкерлеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.Шара соңында естелік фотоға түсіп, музейдегі экспозициялық залдарды аралап тамашалады.