Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қаласының орнына жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының баспасөз конференциясы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі  жоспар бойынша 2017 жылдың 17 шілдесінен Атырау қаласынан 6 шақырым, қалаға қатысты Томарлы селосынан 2 шақырым және «Жұлдыз-3» мөлтек ауданына бірнеше жүз метр қашықтықта орналасқан ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығының орнына  археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.

Ұлы Жібек жолының бойында сауда керуендеріне арналған Ақтөбе-Лаэти қалашығының орналасқаны жөнінде 1960 жылы ғалымдар айта бастаған. Мұнда атыраулық өлкетанушы В.Афанасьевтың нұсқауымен 1965 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих-археология және этнография институының ғылыми қызметкері М.С.Мерщиев алғашқы болып археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе-Лаэти қалашығына жүйелі түрдегі қазба жұмыстары Л.Галкин жетекшілігімен КСРО ҒА археологиялық институтының Еділ-Жайық экспедициясы 1974 жылдан басталды. Қазба жұмыстары 1975, 1977, 1978, 1979, 1981 жылдары жүргізіліп, нәтижелерін Л.Галкин ҚазКСР ҒА тарих-археология және этнография институтына ғылыми есеп түрінде берді.  Сол уақытта қаланың орнының 200х80 метр бөлігін белгілеп, қазды. Ақтөбе жөніндегі зерттеу мақалаларында, еңбектерінде қаланың Ақтөбе атына «Лаэти» атауы қосыла айтылады. Археолог Л.Галкин, Ақтөбе қаласын итальяндық жиһангерлер, ағайынды Пициганилердің картасындағы Лаэти қаласымен байланыстырады. Қаланың қос атауы осылай пайда болған.

1989-1992 жылдарда Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (басшысы З.Самашев) құрамындағы Гурьев отряды да (жетекшісі В.К.Афанасьев) қазба жұмыстарын жүргізген. 2012 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшы студенттері де осы ескерткіш  қазбасында  практикалық жұмыстарын өткізді.

Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, қалада түрлі метал өңдейтін орындар, әйнек, зергерлік бұйымдар жасайтын шеберханалар болған. Қазба жұмыстары көрсеткендей бұл жерде қолөнершілер қалашығы болған.

Археологиялық қазбалар нәтижесіндеалтын монета, жоғары сапалы алтыннан, қыштан жасалған сәндік әшекей бұйымдары мен жебе ұштары, қыш шырағдандардың, ыдыстардың түрлері табылды.

Бүгінгі таңда жүргізіліп жатырған археологиялық қазба жұмыстары осыған дейін ғалымдар анықтаған қалашықтың аумағының сыртындағы 20х20 метр жерге қазба жұмыстарын жүргізіуде. Аршылған қаланың орнынан өндірістік бағытта жұмыс жасаған квартал болғаны анық болып отыр.

Бөлмелердің ішінен қыш ысдыстардың сынықтары, металл қорытпаларының қалдықтары, моншақтар және жазуы сақталмаған мыс тиындар табылды. Металл өнімдерін балқытуға, қыш ыдыстарды күйдіруге тағыда басқа бағыттарда пайдаланылған ошақтар мен тандр пештерінің ашылуы шеберханалардың  болғандығын растайды.  Әр пештердің жанынан  кан жылыту жүйесі ашылыды.

2017 жылдың 2 тамызында археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінің  баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары  Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бисесбиев Жасұлан Орақұлы, облыстық Мәдениет, құжаттама және мұрағаттар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жолаев Азамат Нұржауұлы және жазғы демалыс лагерінің оқушылары мен республикалық, облыстық БАҚ өкілдері қатынасты.

Қазба жұмысының нәтижесі жөнінде музей басшысы Харипова Рашида Ерімқызы таныстырды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru