Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 15 маусым күні Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: - «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұластыру мақсатында Астана және Өскемен қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру Ұйымының оқушыларынан құралған «Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедициясы мүшелерімен музей мамандары, жергілікті өлкетанушы, тарихшылар арасында кездесу кеші өтті.
Бұл экспедиция туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушылардың бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған. Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің барлық аймақтарында болып, сол жердің флора, фаунасын, тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын зерттейді.